ЯСИН СҮРЕСІ – Құранның жүрегі
Көпшілік арасында өте көп туындайтын сұрақтардың бірі – балаға қалай дем салу немесе жанұяға береке, тілеужол ашу мәселелері.
Расында, Алла тағала бізге көп мүмкіндік пен ақыл берді. Осыған орай біз дүниенің кілті жаңа нәрсе іздеуде немесе ойлап табуда деп ойламауымыз керек. Бар нәрсені қадір тұтып, Алланың бұйрығын орындасақ деген ықылас-лебізімізді білдіргіміз келеді. Әр сұраққа жауап және әр аурудан шипа тек Құранда ғана бар. Оның жауабын ясин шәриф сүресінен таба аламыз. Демек, Ясин сүресі – Құранның жүрегі. Оның қасиеті, шипасы және де адамға деген ерекше әсері мол екенін хадис шәріптерден білеміз. Расында, қаншама ғалымдар осы сүре жайлы көптеген ғылыми мақалалар жазды. Себебі ол – Алланың ілімі, сөзі. Дей тұрғанмен, Ясин сүресінің қасиеті туралы мен де аз-кем айта кетсем деп едім.
Бұл мүбарак сүре Меккеде түскен, 83 аят, 727 калима, 3000 әріп. Имам Бегауидің риуаятына қарағанда, сүйікті Пайғамбарымыз: «Алла тағала Таһа имамысин сүрелерін көк пен жерді жаратпанаан мың жыл бұрын оқыды».
Періштелер Құранды ести салып: бұл сүре түсетін үмбетке сүйінші болсын. Бұл сүрені көңілінде ойлағандарға сүйінші болсын. Бұл сүрені оқыған тілдерге сүйіншілер болсын деді.
Табәранидің Әбу Хурайрадан жеткізген: «Түнде Алла ризалығын ойлап, Ясин сүресін оқыған кісінің күнәсі кешіріледі. Олай болса, бұл сүрені қайтыс болған кісілерге оқыңыздар» деген риуаяты бар.
«Ясин – Құранның жүрегі, ол бүкіл дертке шипа». (Хаким, Тирмизи).
«Түнде Ясинді оқу, Құранды 7 рет қатым етумен бірдей» (Дейлеми).
«Әр түні Ясинді оқыған кісі шәһид болып өледі». (Табәрани, Анастан жеткізген).
«Жұма түні Ясинді оқыған кісі, кешіріліп, таң аттырады». (Салеби, әбу Хурайрадан).
«Жұма кеші екі ракағат намаз оқып, біріншісінде ясин, екіншісінде мүлік сүресін оқыған кісіге әрбір әрпі үшін нұр беріледі. Ол нұр қиямет күні алдынан шығады. Амал дәптерін оңынан береді».
Жаһаннамнан бері болғаны туралы бір бәраат жазылады. Ұрым-бұтағынан 70 кісіге шапағат етеді.
«Кімде-кім, Ясин сүресін (изжаәһал мурсалун) аятына дейін оқып, бұл аяттың соңында дұға етсе, қабыл болады». (Әбу Бәкірден).
«Я, Али, Ясин сүресін оқы, өйткені онда жиырма берекет бар».
1. Аш оқыса, тояды.
2. Сусыз оқыса, суға қанады.
3. Жалаңаш оқыса, киінеді.
4. Бойдақ оқыса, үйленеді.
5. Қорыққан оқыса, қорыққанынан аман болады.
6. Ауру оқыса, жазылады.
7. Зындандағы оқыса, шығады.
8. Қонақ оқыса, сапары жеңіл болады.
9. Бір затын жоғалтқан оқыса, заты табылады.
10. Қиыншылықтағы, қайғыдағы бір кісі оқыса, қиыншылығы, қайғысы кетеді.
(Дәйлеми, Әлиден жеткізген).
11. «Құранда бір сүре бар. Алла Тағала тарапынан оған «Әзиз» деген есім берілген. Оны оқыған кісі Алла Тағала жанында шәриф деп шақырылады. Оны оқыған кісі, қиямет күні, Рабиа мен Мудардан (қауымдарынан) тағы да көп халыққа шапағат етеді. Ол сүре – Ясин». (Айшадан).
12. «Әр нәрсенің бір жүрегі бар. Құранның жүрегі – Ясин. Кім оны күндіз оқыса, оның қиыншылықтары жеңілдейді. Кешке оқыса, күнәсі төгіледі». (Абдуррахим Әбу Лейладан).
13. «Құранда бір сүре бар. Оны көп оқығанға шапағат етіледі. Оны тыңдаған кешіріледі. Абайлаңыз, ол сүре – Ясин. Ол сүреге Тәуратта муиме дейді. (Я, Расулаллаһ, муиме деген не? деп сұрағанда: (Пайғамбарымыз (с.ғ.с) иесіне дүние мен ақырет қайырын шексіз етіп, одан ақыретте қорыққанынан аман етеді. Кім оны оқыса, 20 нәпіл сауабы беріледі. Кім оны тыңдаса, Алла жолында, мың динар садақа берген сауабын алады».
14. «Кім оны жазып, суын ішсе, ішінен әртүрлі ауруларды шығарып, ішіне мың дана нұр, мың рақмет, мың хидаят кіреді. Одан бүкіл аурулар және қиыншылықтар кетеді. (Айшадан).
15. «Қандай да бір жан берейін деп жатқан кісінің басында Ясин сүресін оқыса, Алла Тағала оған (рухын бергенде) оңайлық береді».
16. «Өлім аузындағы бір аурудың жанында Ясинді оқыса, оқылған Ясиннің әр әрпі үшін он періште түседі. Ол – үш мың әріп. Түскен періштелер ол кісінің алдында сап-сап тұрып, ол үшін кешірім сұрайды. Өлім кезіндегі бір мүминнің жанында оқылса, жәннат, Рыдываны оған жәннат шарабынан ішкізбегенше, Әзірейіл (а.с) оның жанын алмайды». (Дареми Анастан).
17. «Ясин сүресін жазып, жынды, есі ауысқан кісілерге немесе басқа ауруға үш күннен он күнге дейін ішкізсе, Алла тағала, Ясиннің құрметіне шипа береді».
18. «Кімде-кім ауырған жері үшін Ясинмен бірге, Фатиха, Ықылас, Нас, Фалақ, Аятүл-Күрсіні миск немесе шапыранмен жазып, жаңбыр суымен шайып ішсе, Алла тағала оған шипа береді».
19. «Бұл мүбарак сүрені 70 рет оқыған кісі әртүрлі мұратына жетеді».
20. «Ясин сүресі, таңертең, ақшам оқылғаны жақсы. Қырық бір Ясин сүресін жеті күнге бөліп, таң намазынан соң оқыса, тағы да жақсы».
Осы уақытқа дейін қаншама адам шипа тауып, жазылып кетті, қаншамасы ақиқат тапты, қаншасы өз жарын тауып, балалы-шағалы болғаны шүбәсіз. Әлі де қанша адамдарға пайдасы тиетіні бір Аллаға аян.